Футбол • 27 Қаңтар, 2022

Мессидің орнына Ди Мария капитан болды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы ойындарда франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Анхел Ди Мария капитан ретінде Аргентина құрамасын жасыл алаңға бастап шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мессидің орнына Ди Мария капитан болды

Иә, алдағы ойындарда Лионель Месси коронавирус дертін жұқтырып алғанына байланысты ұлттық құрамасына көмектесе алмайды. Сол себепті де Аргентина құрамасының капитандық міндетін уақытша Анхель Ди Мария атқарады. Ал Аргентина құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ертең Чили құрамасына қарсы жасыл алаңға шықса, екінші ақпан күні Колумбия құрамасын өз алаңында қабылдайды.