2013 жылғы 30 шілде, Астана қаласы
«Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, бұйырамын:
1. «Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6495 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 маусымдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 251-254 (26652) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7, 8-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы Ж.ЖАРҚЫНБАЕВ.
Мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасы Статистика
құпиялылығына кепілдік береді агенттігі Төрағасының міндетін
Конфиденциальность атқарушының 2013 жылғы
гарантируется органами 30 шілдедегі №169 бұйрығына
государственной статистики 1-қосымша
Жалпымемлекеттік Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
статистикалық Төрағасының міндетін атқарушының
байқаудың статистикалық 2010 жылғы 24 тамыздағы №228 бұйрығына
нысан 7-қосымша
Статистическая форма
общегосударственного Приложение 7 к приказу исполняющего
статистического обязанности Председателя Агентства
наблюдения Республики Казахстан
по статистике от 24 августа 2010 года №228
Аумақтық органға
тапсырылады
Представляется
территориальному органу
Статистикалық
нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму
можно получить на сайте
www.stat.gov.kz
Статистикалық Негізгі сұхбатқа
нысан коды 1265104 арналған сұрақнама
Код статистической Вопросник для основного интервью
формы 1265104
D 006
Жылдық Есепті кезең жыл
Годовая Отчетный период год
1. Аумақтың (елді мекеннің) атауы
Наименование территории (населенного пункта)
2. АӘОЖ бойынша елді мекеннің коды1
Код населенного пункта по КАТО
3. Елді мекен типінің коды (1 - қала, 2 - ауыл)
Код типа населенного пункта (1 - город, 2 - село)
4. Үй шаруашылығының коды
Код домохозяйства
5. Пікіртерімді жүргізуге уәкілетті тұлғаның
коды (бұдан әрі – интервьюер)
Код лица, уполномоченного на проведение
опроса (далее – интервьюер)
6. Сұхбат жүргізу күні күні айы жылы
Дата проведения интервью число месяц год
______________________________________________________
1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР МК 11-2009
Классификатор административно-территориальных объектов ГК РК 11-2009
І. Тұрғын үй жағдайлары2
(Сұрақтар үй шаруашылығының негізгі тұрғын үйіне қатысты)
І. Жилищные условия
(Вопросы относятся к основному жилью домохозяйства)
1. Сіз тұрған үй қандай типтегі тұрғын үй (жалдайсыз ба)?
Каков тип жилья, в котором Вы проживаете (арендуете)?
1. Жеке пәтер
Отдельная квартира
2. Пәтердегі бөлме
Комната в квартире
3. Жеке үй
Отдельный дом
4. Үйдің бір бөлігі
Часть дома
2. Сіз тұрған үйіңіз кімге тиесілі?
Cкажите, пожалуйста, кому принадлежит Ваше жилье?
1. Сіздің үй шаруашылығыңызға (жекешелендірілген,
сатып алынған немесе сыйға алынған)
Вашему домохозяйству (приватизировано, куплено или
получено в подарок)
2. Жеке тұлғаға
Частному лицу
3.Әкімдікке (яғни, үй жекешелендірілмеген)
Акимату (то есть жилье не приватизировано)
4. Басқа заңды тұлғаға
Другому юридическому лицу
3. Сіздің тұрғын үйіңіздің ауданы қанша?
Назовите, пожалуйста,
жалпы ауданы, шаршы метр
общую площадь Вашего жилища – кв.м
тұрғын алаңы, шаршы метр
жилую площадь Вашего жилища – кв.м
4. Сіздің үй шаруашылығыңыз қанша бөлмеге ие (ас үйден,
ваннадан, дәретханадан, дәлізден, қоймадан басқа)?
Сколько жилых комнат занимает Ваше домохозяйство (кроме кухни, ванны, туалета, прихожей, кладовых)?
5. Сіз бұл пәтерде (үйде) қанша толық жылдан бері тұрасыз?
Сколько полных лет Вы живете в этой квартире (доме)?
6. Сіздің тұрғын үйіңіз қай жылы салынған?
В каком году Ваше жилье было построено?
7. Сіздің үйде мыналардың қайсысы бар: Иә-1 Жоқ-2
Скажите, пожалуйста, у Вас дома есть: Да-1 Нет-2
1. Орталықтан жылыту
Центральное отопление
2. Жеке қондырғыдан жылыту
Отопление от индивидуальной установки
3. Жеке сужылытқыштан ыстық сумен жабдықтау
Горячее водоснабжение от индивидуальных
водонагревателей
4. Орталықтан ыстық сумен жабдықтау
Центральное горячее водоснабжение
5. Су құбыры
Водопровод
6. Кәріз
Канализация
7. Ванна немесе себезгі
Ванна или душ
8. Желілік газ
Газ сетевой
9. Сұйытылған газ (баллондардағы)
Газ сжиженный (в баллонах)
10. Электр
Электричество
11. Еден үстілік электр плиткасы
Электроплита напольная
12. Стационарлық телефон
Стационарный телефон
13. Қоқыс құбыры
Мусоропровод
14. Гараж немесе паркинг
Гараж или паркинг
15. Лифт
16. Домофон
17. Телерадиохабар бағдарламаларын қабылдау құралдары (үй және спутникті антенна, радиоқабылдағыштар)
Средства приема программ телерадиовещания (домашняя или спутниковая антенна, радиоприемники)
8. Сіздің үйде соңғы 30 күн ішінде келесі қызмет көрсетудің негізгі түрлерімен жабдықтауда іркілістер (тоқтатып тастау жағдайлары) болды ма?
Были ли у Вас в доме в течение последних 30 дней перебои со снабжением (случаи отключения) следующих основных видов услуг?
Иә – 1 Жиі-1, Жоқ – 2
Да – 1 Часто-1 Нет – 2 Өте жиі-2,
Очень часто-2,
Сирек-3,
Редко-3
1. Орталықтан жылыту
Центральное отопление
2. Электрмен жабдықтау
Энергоснабжение
3. Ыстық су
Горячая вода
4. Суық су
Холодная вода
5. Газбен жабдықтау
Газоснабжение
6. Лифттік қызмет көрсету
Лифтовое обслуживание
7. Толық көлемде телера-
диохабар бағдарламасын
қабылдау
Прием программ телера-
диовещания в полном объеме
8. Қоқыс шығару
Вывоз мусора
9. Кәрі
Канализация
9. Ұсынылған тұрғын үй Жақсы-1
қызметінің сапасын Хорошо – 1
Сіз қалай бағалайсыз? Қанағаттанарлық-2
Как Вы оцениваете качество Удовлетворительно -2
предоставляемых жилищных услуг? Нашар-3
Плохо - 3
1. Суық судың қысымы
Давление холодной воды
2. Ыстық судың қысымы
Давление горячей воды
3. Ыстық судың температурасы
Температура горячей воды
4. Жылудың температурасы
Температура отопления
5. Электр желісінің кернеуі
Напряжение электросети
6. Газ беру
Подача газа
7. Ауыз судың сапасы
Качество питьевой воды
8. Лифттік қызмет көрсету
Лифтовое обслуживание
9. Телерадиохабар бағдарламасын қабылдау
Прием программ телерадиовещания
10. Қоқыс шығару
Вывоз мусора
11. Кәріз
Канализация
Интервьюер! Үйінде су құбыры жоқтарға келесі екі сұрақты қойыңыз, кері жағдайда 11-сұраққа көшіңіз
Интервьюер! Тем, у кого в доме отсутствует водопровод, задайте два следующих вопроса, в противном случае - вопрос 11
10. Сіздің үй шаруашылығыңыз ішетін және ас әзірлейтін суды қайдан алады?
Откуда Ваше домохозяйство берет воду для питья и приготовления пищи?
1. Өз ауласындағы құдықтан, колонкадан
Из колодца, колонки в своем дворе
2. Қоғамдық су колонкасынан
Из общественной колонки
3. Қоғамдық құдықтан
Из общественного колодца
4. Бұлақтан, өзеннен, көлден, тоғаннан
Из родника, реки, озера, пруда
5. Су тасығыш жеткізіп береді
Доставляет водовоз
10.1 Сумен жабдықтау көзі Сіздің үйіңізден қандай қашықтықта?
На каком расстоянии от Вашего жилья находится источник водоснабжения?
1. 100 метрден аз
Менее 100 метр
2. 100-200 м
3. 200-500 м
4. 500-1000 м
5. 1000 м-ден көп
Более 1000 м
11. Сіздің үй шаруашылығыңыздың мүшелері қайда жуынады?
Где члены Вашего домохозяйства моются?
1. Себезгісі бар ванна
Ванна с душем
2. Себезгі
Душ
3. Жеке монша, сауна
Собственная баня, сауна
4. Қоғамдық монша, сауна
Общественная баня, сауна
9. Басқа
Другое
12.Үй шаруашылығында дәретхананың қандай түрі қолданылады?
Какой тип туалета используется в домохозяйстве?
1. Кәрізі орталық жүйеден тартылған дәретхана
Туалет с центральной системой канализации
2. Қоғамдық, жеке ұңғыма немесе шұңқырға
тартылған дәретхана
Туалет с подключенным общественным,
индивидуальным септиком или выгребом
3. Шұңқыр дәретхана
Уборные с ямой
4. Басқа
Другой
12.1 Дәретхана қай жерде орналасқан?
Где расположен туалет?
1.Үйдің ішінде
В доме
2. Аулада
Во дворе
3. Көшеде
На улице
12.2 Бұл дәретхананы тек Сіздің үй шаруашылығыңыз ғана пайдалана ма немесе басқа үй шаруашылықтары да ма?
Этот туалет используется только Вашим домохозяйством или совместно с другими?
1. Бір үй шаруашылығымен
Одним домохозяйством
2. Басқа үй шаруашылықтарымен бірге
Совместно с другими домохозяйствами
Интервьюер! Жаяу жүріп жете алатын қолжетімділік шегінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері барларға 13-сұрақты қойыңыз, кері жағдайда 13.1-сұраққа көшіңіз
Интервьюер! Тем, у кого в пределах пешей доступности имеются объекты социальной инфраструктуры, задайте вопрос 13, в противном случае - 13.1
13. Сіздің тұрғын үйіңізден жаяу жүріп жете алатын қолжетімділік шегінде келесі әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар ма? Егер болса, онда жақын объектіге жету үшін Сізге қанша уақыт қажет?
Cкажите, пожалуйста, имеется ли в пределах пешей доступности от Вашего жилья следующие объекты социальной инфраструктуры? Если да, то сколько времени Вам потребуется для того, чтобы добраться до ближайшего?
10 минут- 10-20 20-30 30-60 1 са-
тан аз минут минут минут ғат-
меньше тан
10 минут көп
более
1 часа
1. Қоғамдық көлік аялдамасы
Остановка общественного
транспорта
2. Дүкен немесе базар
Магазин или рынок
3. Медициналық мекеме
Медицинское учреждение
4. Жалпы білім беру мекемесі
(мектеп, гимназия, лицей)
Общеобразовательное
учреждение (школа, гимна-
зия, лицей)
5. Мектепке дейінгі білім
беру мекемесі
Учреждение дошкольного
образования
13.1 Егер жаяу жүріп жету мүмкін болмаса, онда қоғамдық көлікте, бағыттық таксиде, автомобильде немесе көліктің басқа түрімен жету үшін Сізге қанша уақыт қажет?
Если не можете добраться пешком, то сколько времени Вам потребуется для поездки на общественном транспорте, маршрутном такси, автомобиле или другом виде транспорта?
10 минут- 10-20 20-30 30-60 1 са-
тан аз минут минут минут ғат-
меньше тан
10 минут көп
более
1 часа
1. Дүкен немесе базар
Магазин или рынок
2. Медициналық мекеме
Медицинское учреждение
3. Жалпы білім беру мекемесі
(мектеп, гимназия, лицей)
Общеобразовательное учреж-
дение (школа, гимназия, лицей)
4. Мектепке дейінгі білім
беру мекемесі
Учреждение дошкольного
образования
14. Сізде негізгіден басқа тағы қандай да бір тұрғын үй бар ма?
Имеете ли Вы еще какое-либо жилье, кроме основного?
Иә 14.1 сұрақ Жоқ 14.3 сұрақ
Да вопрос 14.1 Нет вопрос 14.3
14.1 Ол қандай тұрғын үй? Тұрғын үйдің (негізгіден басқа) типін көрсетіңізші
Какое это жилье? Укажите, пожалуйста, тип имеющегося жилья (кроме основного)
1. Жеке пәтер
Отдельная квартира
2. Ауылдық жердегі үй немесе үйдің жартысы
Дом или полдома в сельской местности
3. Қалалық жердегі үй немесе үйдің жартысы
Дом или полдома в городской местности
4. Саяжай немесе маусымдық тұруға арналған үй
Дача или дом для сезонного проживания
9. Басқа құрылыс
Другие строения
14.2 Сіз оны қалай пайдаланасыз?
Как Вы его используете?
1.Онда жазда және бос уақытта тұрамын
Проживаю в нем в летнее и свободное время
2. Жалға беремін
Сдаю в аренду
3. Пайдаланбаймын
Не использую
9. Өзге
Прочее
14.3 Егер де негізгі үйде жалға тұрған болсаңыз,
оған айына Сіз қанша төлейтін болар едіңіз?
Бағалап көріңізші, теңге
Оцените, пожалуйста, сколько бы Вы заплатили
в месяц за ваше основное жилье, если бы его а
рендовали, тенге
14.4 Сіз өзіңіздің үйіңізді қандай сомаға
сата алар едіңіз? Бағалап көріңізші, теңге
Оцените, пожалуйста, за какую сумму Вы смогли
бы продать свое жилье, тенге
15. Келесі сұрақ ұзақ пайдаланатын тауарлардың қолда бары туралы (егер қолда екі және одан да көп тауарлар болған жағдайда, ең жаңа тауардың (соңғы модификациядағы) құны қойылады):
Следующий вопрос о наличии товаров длительного пользования (в случае, если имеется в наличии два и более товаров, проставляется стоимость самого нового товара (последней модификации))
Саны, Пайдалану Тауардың бағалан-
бірлік мерзімі, ған ағымдағы құны,
Коли- жыл орташа бір
чество, Срок бірлікке, теңге
диниц пользова- Оценочная стоимость
ния, лет текущих ценах,
в среднем за одну
единицу, тенге
Аудио-видео техника немесе фотоаппаратура
Аудио-видео техника и фотоаппаратура
1. Түрлі-түсті теледидар
Телевизор цветной
2. Ақ-қара түсті теледидар
Телевизор черно-белый
3. Үй кинотеатры
Домашний кинотеатр
4. Бейне магнитофон, бейнеплеер
Видеомагнитофон, видеоплеер
5. Бейнекамера
Видеокамера
6. DVD-плеер
7. Радиоқабылдағыш
Радиоприемник
8. Музыкалық орталық
Музыкальный центр
9. Караоке
10. Магнитофон
11. Аудиоплеер
12. CD-плеер
13. Спутникті антенналар
Спутниковые антенны
14. Фотоаппарат
15. Ойын қондырғылары
Игровые приставки
Тұрмыстық техника
Бытовая техника
16. Тоңазытқыш
Холодильник
17. Мұздатқыш камера
Морозильная камера
18. Кір жуғыш машина
Стиральная машина
19. Қысқа толқынды пеш
Микроволновая печь
20. Ыдыс жуғыш машина
Посудомоечная машина
21. Тігін машинасы
Швейная машина
22. Тоқыма машинасы
Вязальная машина
23. Шаңсорғыш
Пылесос
24. Газ плитасы
Газовая плита
25. Электр плитасы
Электрическая плита
26. Ауа баптағыш
Кондиционер
Ұйымдастыру техникасы
Оргтехника
27. Дербес компьютер
Персональный компьютер
28. Принтер
29. Ноутбук
30. Қалта компьютері (палмтоп)
Карманный компьютер (палмтоп)
31. Факсимильді аппарат
Факсимильный аппарат
32. Көшірме аппараты
Копировальный аппарат
33. Стационарлық телефон
Стационарный телефон
34. Ұтқыр телефон
Мобильный телефон
Жиһаз
Мебель
35. Тұрғын үй жиһаздарының
жиынтығы, қабырғалық,
шағын қабырғалық жиһаздар
Набор жилой мебели, стенка, горка
36. Жұмсақ жиһаз жиынтығы
Набор мягкой мебели
37. Жатын бөлме жиһаз жиынтығы
Набор мебели для спальни
38. Ас бөлмеге арналған жиһаз-
дардың жиынтығы, бұрышқа
қойылатын жұмсақ жиһазды
қосқанда
Набор мебели для кухни,
включая мягкий уголок
39. Кіре беріс бөлмеге арналған
жиһаз жиынтығы
Набор мебели в прихожую
Көлік құралдары
Транспортные средства
40. Жеңіл автомобиль
Легковой автомобиль
41. Мотоцикл, мотороллер, мопед
42. Велосипед (балаларға
арналғаннан басқа)
Велосипед (кроме детского)
43. Жүк автомобилі
Грузовой автомобиль
44. Моторлы қайық, катер, скутер
Моторная лодка, катер, скутер
Музыкалық аспаптар
Музыкальные инструменты
45. Клавишалы музыкалық аспаптар
Клавишные музыкальные инструменты
46.Пернелі музыкалық аспаптар
Струнные музыкальные инструменты
II. Жердің, малдың және техниканың қолда бары
ІІ. Наличие земли, скота и техники
16. Айтыңызшы, Сіздің жерді пайдалануға мүмкіндігіңіз бар ма?
Скажите, пожалуйста, имеете ли Вы доступ к использованию земли?
Иә 17 сұрақ Жоқ 21 сұрақ
Да вопрос 17 Нет вопрос 21
17. Сіздің қарамағыңызда барлығы қанша жер учаскесі бар?
Сколько всего участков земли находится в Вашем распоряжении?
1. Бір
Один
2. Екі
Два
3. Үш немесе одан көп
Три или более
18. Енді Сіздің (Сіздердің) жер учаскелеріңіз туралы толығырақ сөйлесейік. Мына учаске (учаскелер)
Сіздің:
Сейчас, давайте, поговорим о Вашем (Ваших) участках земли подробнее. Скажите, пожалуйста, этот
участок (участки) Вы:
1-учаске 2-учаске 3-учаске
участок 1 участок 2 участок 3
1. Жеке меншігіңізде
Имеете в частной собственности
2. Мемлекеттен жалға алдыңыз
(жерді уақытша (қысқа, ұзақ мер-
зімді) пайдалануға құқығыңыз бар)
Арендуете у государства (имеете право
временного (краткосрочного, долго-
срочного) землепользования)
3. Жеке тұлғадан жалға алдыңыз
Арендуете у частного лица
4. Өзге де
Прочее
19. Жер телімінің мақсатты тағайындалуын көрсетіңіз
Укажите, пожалуйста, целевое назначение земельного участка
1-учаске 2-учаске 3-учаске
участок 1 участок 2 участок 3
1. Шаруа немесе фермер
қожалығын жүргізу
Ведение крестьянского или
фермерского хозяйства
2. Жеке қосалқы шаруашылық
жүргізу
Ведение личного подсобного хозяйства
3. Бақ өсіру, бақша өсіру,
саяжай құрылысы
Садоводство, огородничество,
дачное строительство
4. Мал жаю және шөп дайындау
Выпас скота и заготовка сена
5. Жалға беру
Сдача в аренду
6. Демалу
Отдых
9. Өзге де
Прочее
20. Сіздің үй шаруашылығыңызға берілген барлық жер учаскелерінің жалпы ауданын айтыңыз, ар (соттық)
Назовите, пожалуйста, общую площадь всех земельных участков, выделенных Вашему домохозяйству, ар (соток)
21. Сіз (Сіздің үй шаруашылығыңыз) құс, мал немесе бал арасын ұстайсыз ба?
Содержите ли Вы (Ваше домохозяйство) птицу, скот или пчел?
Иә 17 сұрақ Жоқ 23 сұрақ
Да вопрос 17 Нет вопрос 23
22. Қанша құс, мал немесе бал араларын ұстайсыз? Саны
Какое количество птицы, скота или пчел Вы содержите? Количество
1. Сиырлар
Коровы
2. Басқа да ірі қара мал (жұмысқа
жегілетіндерінсіз) жас төлдерді қосқанда
Другой крупный рогатый скот (без рабочих),
включая молодняк
3. Шошқалар, торайлар
Свиньи, поросята
4. Қойлар және ешкілер
Овцы и козы
5. Жылқылар (жұмысқа жегілетіндерінсіз)
Лошади (без рабочих)
6. Түйелер
Верблюды
7. Қояндар
Кролики
8. Құстар
Птица
9. Бал аралары (ұялысы)
Пчелы (семьи)
23. Сізде қанша шаруашылығы техникалары, машиналар мен жұмыс малдары бар?
Какое количество сельскохозяйственной техники, машин и рабочего скота Вы имеете?
Иә – 1 Қанша бірлік? Жоқ – 2
Да – 1 Сколько единиц? Нет – 2
1. Жылқылар (жұмысқа жегілетін)
Лошади (рабочие)
2. Есектер, қашыр
Ослы, мулы
3. Арбалар (шаналар)
Телега (сани)
4. Су сорғы
Водяной насос
5. Күштік қондырғы
Силовая установка
6. Трактор
7. Мотоблок
8. Кіші трактор
Мини-трактор
9. Жүк машинасы
Грузовик
10. Пішен шапқыш
Сенокосилки
11. Комбайн
12. Дәнсепкіш
Сеялка
99. Өзгелер
Прочее
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін
атқарушының 2013 жылғы 30 шілдедегі №169 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №228 бұйрығына 8-қосымша
«Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама»
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық
(коды 1265104, индексі D-006, кезеңділігі жылдық)
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» (коды 1265104, индексі D-006, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Осы статистикалық байқау үй шаруашылықтарының тұрғын үй жағдайы туралы, ұзақ тұтынылатын заттармен қамтамасыз етілуі туралы, қолда бар жер, мал және техника туралы деректерді алуға арналған.
Байқауға тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеуге қатысатын барлық үй шаруашылықтары жатады. Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнаманы жылдың аяғында (желтоқсанда) пікіртерім жүргізуге уәкілеттігі бар тұлға (бұдан әрі - интервьюер) жүргізеді.
Статистикалық нысанның респонденті үй шаруашылығының иесі болады.
Үй шаруашылығының иесі ретінде еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылған (әйелдер үшін 18-58 жастағы, ерлер үшін 18-63 жастағы) үй шаруашылығының мүшесі болады. Үй шаруашылығында еңбекке қабілетті жастағы жұмысы бар тұлғалар жоқ болған жағдайда (зейнеткерлердің немесе құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және тағы басқа бар үй шаруашылықтары) үй шаруашылығының иесін қандай да бір табыс түрін иеленетін үй шаруашылығының мүшелері өз бетімен анықтайды.
3. Титулдық парақта «Аумақтың атауы» тармағында облыстың (қаланың), ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің атауы көрсетіледі. 2-тармақтан бастап 5-тармаққа дейін супервайзерлер (интервьюер жұмысына бақылауды қамтамасыз ететін статистика департаментінің қызметкері) интервьюерлерге ұсынған зерттелетін үй шаруашылықтарының тізімдерінде көрсетілген деректемеге сәйкес толтырады.
4. 1-бөлімде үй шаруашылықтарының негізгі тұрғын үйінде тұрмыс жағдайларын сипаттайтын сұрақтар көрсетілген.
1-сұрақта жауаптың зерттелетін үй шаруашылығы тұрып жатқан тұрғын үйдің түріне сәйкес нұсқасы таңдалып белгіленеді. Тұрғын үй түрін жеке өз үйі, сондай-ақ жалдамалы үй бойынша, тіпті пәтердің бір бөлмесін ғана немесе бөлек үйдің бір бөлігін жалдап отырған жағдайдың өзінде белгіленеді.
2-сұрақта жауаптың бір нұсқасы таңдалып белгіленеді. Жекешелендірілген тұрғын үйге үй шаруашылығының жеке меншігіндегі тұрғын үй жатады. Жатақханадағы жекешелендірілген бөлме жекешелендірілген пәтерге жатады. Сыйға алынған, мұрагерлікке және сатып алынған тұрғын үй жеке меншікке жатады.
3-сұрақта тұрғын үйдің жалпы және тұрғын алаңы көрсетіледі. Тұрғын алаңы деп тұрғын бөлмелердің тұруға арналған және пайдаланылатын аумағы саналады. Оған пәтердегі немесе үйдегі тұрғын бөлмелер алаңдарының сомасы кіреді. Тұрғын алаңға пәтер немесе үйдегі ас-үй, дәліз, ванна, дәретхана, қойма және басқа қосымша орын-жайлардың алаңы кірмейді. Тұрғын бөлме де, сондай-ақ ас бөлме болып табылатын бір бөлмеден тұратын тұрғын жайлар бойынша тұрғын алаңы қойылады. Жалпы (пайдалы) алаңға тұрғын алаңы сияқты сонымен қатар асүй, дәліз, ванна, дәретхана, қойма және басқа қосымша орын-жайлардың алаңы кіреді. Алаң көлемі бүтін сандармен шаршы метрде жазылады.
4-сұрақта тұрғын бөлменің саны қойылады.
5-сұрақта пәтерде (үйде) тұрып жатқан толық жыл саны қойылады. Егер үй шаруашылығы онда 5 жыл және 11 ай тұрып жатса, онда 5, егер 1 жылдан аз болса - 1 қойылады.
6-сұрақта тұрғын үйдің салынған жылы көрсетіледі.
7-сұрақта интервьюер барлық қызмет түрлері бойынша жауаптарды белгілейді. Егер бірнеше қожайын ортақ санузел, себізгі және асүйі бар бұрынғы жатақханадағы жекешелендірілген бөлмеде тұрып жатқан үй шаруашылығы зерттеліп жатса, онда осы үй шаруашылығында осы жабдықтардың барлығы бар деп саналады және 1 коды бар жауап белгіленеді. Егер үй шаруашылығында қандай да бір себеппен (төлем бойынша қарыздар және тағы басқалары) абаттандырудың белгілі бір түрлері уақытша жұмыс істемесе, олардың бары міндетті түрде көрсетіледі.
Орталықтан жылыту жылуэлектростанциясы немесе қазандықтардың көмегімен жүзеге асады. Егер орталықтан жылу ұзақ кезеңде жұмыс істемей тұрса, онда абаттандырудың бұл түрі есептен шығару актісі рәсімделгенше көрсетіледі. Егер жылыту ғимарат немесе тұрғын үйдің ішінде қарастырылған құрылғының көмегімен немесе энергия көздеріне қарамастан жылыту мақсатына арналған болса, онда ол жеке орнатылған жылытуға жатады. Оларға бөлек үйлерде немесе тұрғын үй кешендерінде орналастырылған автономды жылыту жүйесі және көмір және отынмен жылытатын пештер жатады. Жылытқыштар мен ауа баптағыштар (сплит-жүйе) мұнда қосылмайды. Бағдарламаларды қабылдау теле-радиохабарлардың құралдарына үй және спутникті антенна, радиоқабылдағыштар және қабылдау-беру құралдары жатады.
8-сұрақта жабдықтаудың соңғы іркілістері байқалған 30 күн ішінде (негізгі интервью жүргізу күнінің алдындағы) негізгі қызмет түрлерінің тізімі келтірілген. Егер тәулік ішінде әр кезде орын алған бірнеше сағатқа созылған тоқтаулар болса (желіде апат немесе жоспарлы алдын алуға байланысты), онда іркіліс болды деп есептелмейді. Егер сөндірулер тәулікте бірнеше сағат ішінде ауық-ауық мерзімді немесе тұрақты жүргізілсе, онда іркілістер тіркеледі. «Газбен жабдықтау» 5-тармақ бойынша 7-сұрақтың «Желілік газды» 8-тармағын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді.
9-сұрақта көрсетілген тұрғын үй қызметтерінің сапасына қатысты үй шаруашылығының субъективті бағалауы көрсетіледі. «Газ беру» 6-тармақ бойынша 7-сұрақтың «Желілік газды» 8-тармағын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді.
10 және 10.1-сұрақтарға пәтерінде (үйінде) су құбыры жоқ үй шаруашылықтары ғана жауап береді. Жауаптар нұсқаларында сумен жабдықтау көзін және оның орналасқан ара қашықтығы көрсетіледі. Егер үй шаруашылығына ауыз суды су тасығыш жеткізіп беретін болса, 10.1-сұрақ қойылмайды.
11-сұрақта жауаптың екі нұсқасын көрсетуге болады, өйткені үй шаруашылығы үйінде де, сондай-ақ қоғамдық моншалар мен сауналарда да жуынуы мүмкін. Сондай-ақ, үй шаруашылығының өз үйінде сияқты бұл жайландырудың әртүрлі түрлері болады. «Басқа» 5-кодқа 1-4 жауаптардың тізімінде келтірілмеген барлық жағдайлар жатады.
12-сұрақта жауаптың бір нұсқасы көрсетіледі. Егер үй шаруашылығында қоғамдық пайдаланудың бірнеше орындарын қолданған жағдайда, жауап ретінде неғұрлым абаттандырылған түрі туралы мәліметті көрсетеді. «Басқа» 9-коды бар жауап 1-3 жауаптар тізімінде жіктелмеген жағдайларға қарастырылған.
12.1 және 12.2-сұрақтарда жауаптың бір нұсқасы таңдалып, белгіленеді.
13-сұрақта жауаптың бірнеше нұсқасы таңдалады. Егер жаяу жүріп жететін қолжетімділікте дүкен де және базар да бар болса, онда ең жақынын көрсетеді. Егер бір үй шаруашылығында балалар бірнеше мектепке баратын болса, онда ең жақыны көрсетіледі.
13.1-сұрақта жауаптың бірнеше нұсқасы таңдалады. Егер респондент базарға бару үшін ең алдымен поез немесе электр поезының аялдамасына дейін автобуспен жетіп алып, содан соң сол екі көліктің бірімен жетсе, солардың барлығына кеткен жалпы уақыт көрсетіледі.
14-сұрақта «иә» деп жауап берген жағдайда, 14.1 және 14.2-сұрақтар қойылады.
14.2-сұрақтағы «басқа» 9-кодына тұрғын үйдің (негізгіден басқа) ақысыз негізде туыстармен және достармен уақытша қолданылуы немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайлар жатады.
«Жоқ» деп жауап берген жағдайда 14.3-сұрақ қойылады.
14.3-сұрақ жеке (жекешелендірілген) тұрғын үйі бар және осы бөлімнің 2-сұрағының «1»-кодын таңдаған үй шаруашылықтарына қойылады. Мұнда ол жеке үйін жалға алған жағдайда бір айда төлей алатын ақшалай сомасына үй шаруашылығының субъективті бағалауы беріледі.
14.4-сұрақта үй шаруашылығының өз тұрғын үйін сата алатын сомасы көрсетіледі. Бұл сұраққа осы бөлімнің 2-сұрағының 1-кодын белгілеген үй шаруашылықтары тұрмыс-жағдайын талдау мақсатында жауап береді.
15-сұрақта үй шаруашылығында бар, сатып алынғанына, үй шаруашылығы мүшелермен жасалынғанына, сыйға (тегін) немесе несиеге алынғанына, сондай-ақ үй шаруашылығына тиесілі басқа пәтерде немесе саяжай үйлерінде болғанына қарамастан барлық ұзақ пайдаланылатын заттар көрсетіледі. Жарамды немесе уақытша жарамсыз (жөндеуде жатқан немесе жөндеу қажет ететін) екендігіне қарамастан барлық ұзақ тұтынылатын заттар көрсетіледі. Үй шаруашылығы жөндеуге ниет танытпайтын тауарлар есепке алынбайды. Егер ұзақ тұтынылатын тауар туыстарына немесе таныстарының біреуіне уақытша тұтынуға, жалға берілсе, онда олардың бар екендігі міндетті түрде есепке алынады.
15-жол бойынша ойын қондырғылары (портативтіні қоспағанда) дегеніміз видео ойындар үшін арнайы жасап шығарылғын электронды құрылғы. Ең жиі қолданылатын көрсету құрылғысы ретінде теледидар, өте сирек компьютер мониторы болып табылады, оларды жеке көрініс құрылғыларына орнатылуы себепті қондырғылар деп атайды.
Бірнеше қызметтерді атқаратын ұзақ пайдаланылатын зат, мысалы, газ және электр плитасы бар болған жағдайда жауаптардың екі нұсқасы да белгіленеді. Тиісінше, жалпы бағалау құны екіге бөлінуі қажет.
30-жол бойынша қалта компьютері (палмтоп) деп электронды органайзер ретінде пайдалануға арналған портативті электронды есептеу құралын айтамыз. Қалта компьютерінен телефон қоңырауларын шалу мүмкін емес, себебі ол ұтқыр телефон емес.
34-жолда «ұтқыр телефон» бойынша қалта компьютерлерінің түрлерін көрсететін, бірақ ұтқыр телефонның қызметтері бар смартфондар мен коммуникаторларды қоса есептегенде телефондардың барлық түрлері саналады.
Жиһаздар жинағына жиһаздық гарнитуралар, сондай-ақ жұмсақ бұрыштама жиһаздар, жатын, ас-үй бөлмелерінің тұрғын үй жиһаздары (қабырға, төбе) жинағы. Егер үй шаруашылығында шағын автобус болса, онда олар 40-жол бойынша «жеңіл автомобильге» көрсетіледі.
Заттарды пайдалану мерзімі жылдың соңындағы жағдайына байланысты анықталады. Егер үй шаруашылығы бұрын пайдаланылған затты сатып алса, онда олардың қызмет көрсету мерзімі оның бірінші сатып алған немесе оның өндірілген жылынан бастап есепке алынады. Егер заттың пайдалану мерзімі 1 жылдан кем болса, онда «0» қойылады.
Бірнеше ұзақ тұтынылатын заттар бар болған жағдайда, олардың ең жаңаларының ағымдағы бағалау құны ұсынылады.
5.2-бөлімде нақты бар жер, мал және техникалар туралы ақпарат көрсетіледі.
Үй шаруашылығының жерге қол жетімділігі туралы 16-сұрақ зерттелетін үй шаруашылықтарының барлығына қойылады. Егер үй шаруашылығының жеке жер телімі жоқ, бірақ оны жалға алатын болса, онда олардың жерге қол жетімділігі бар деп саналады. Жерге қол жетімділігі жоқ үй шаруашылықтарына 21-сұрақ қойылады.
16, 17-сұрақтарға оң жауап берген үй шаруашылықтары жауап береді. Мұнда жер телімінің тиісті саны көрсетіледі.
18-және 19-сұрақтарда егер үй шаруашылығында бірнеше жер учаскелері болса, онда олардың әрбірі жөніндегі ақпараттың тізбектілігін үй шаруашылығының өзі анықтайды. Алдымен, үй шаруашылығының пікірі бойынша бірінші учаске, сосын екінші және басқа учаскелер бойынша деректер көрсетіледі.
18-сұрақта «өзге» 9-кодына үй шаруашылығының туыстарынан, көршілерінен немесе достарынан ақысыз негізде уақытша қолдануға алған учаскесі немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайлар жатқызылуы мүмкін.
19-сұрақта «өзге» 9-кодына үй шаруашылығының туыстарына, көршілеріне немесе достарына ақысыз негізде уақытша қолдануға берген учаскесін немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайларды жатқызуға болады.
20-сұрақта барлық қолда бар учаскелердің жалпы ауданы соттықта және бүтін сандармен ұсынылады.
21-сұрақта жауаптың бір нұсқасы таңдалып алынады және белгіленеді.
22-сұраққа осы бөлімнің 21-сұрақтың «1»-кодын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді. Жауаптың бірнеше нұсқасы белгіленеді. Мұнда үй шаруашылығына тиісті мал басының саны бойынша деректер көрсетіледі. Шеттен өсіруге немесе бағуға алынған мал есепке алынбайды. Егер малды бірлесіп иеленген жағдайда, одан зерттелетін үй шаруашылығына тиесілі бөлігіне (үлесіне) қатысты деректер көрсетіледі. Мұнда жұмысқа жегілетін мал есепке алынбайды.
23-сұрақта үй шаруашылығына тиесілі немесе басқа үй шаруашылығымен берлескен иеліктегі және жалға алынған қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары, машиналары және жұмысқа жегілетін малдар көрсетіледі. Жауаптың бірнеше нұсқасы белгіленеді.
6. Пікіртерімді бітірген соң интервьюер қандай да бір сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін сауалнаманы тағы да бір рет қарап шығады және респонденттерге ынтымақтастығы және көмектескендері үшін міндетті түрде алғыс айтады. Интервьюер үй шаруашылығынан тыс жерде нысанды қайта қарап шығады және егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда қайта үй шаруашылығына барып (жеке немесе телефонмен), жеткіліксіз ақпаратты анықтайды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8647 болып енгізілді.