Оқиға кезінде тағы 5 адам жарақат алған.
«27 қаңтар күні сағат 03:40-та «Южмаш» оңтүстік машина жасау зауытының аумағында қайғылы оқиға болды. Украина Ұлттық гвардиясының жауынгері, мерзімді қызметтегі 2001 жылы туған Рябчук Артемий Юрьевич белгісіз себеппен қару беру кезінде Калашников автоматынан әскери қызметшілерге оқ атқан. Содан кейін оқиға орыннан қашып кеткен. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланды», деп жазылған хабарламада.
2001 жылы туған жігіттің Одесса облысынан келгені анықталды.
Оқиға орнына дереу Ұлттық полицияның Днепропетров облысы бойынша басшылығы, жедел-тергеу тобы, криминалист сарапшылар, барлық салалық қызметкерлер жетті.
Днепрде 5 адамның өмірін қиған ұлттық гвардияшы Артем Рябчукты тәртіп сақшылары ұстады.
Енді ол заңда қарастырылған ең қатаң жауапкершілікке тартылады.