Қоғам • 27 Қаңтар, 2022

Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергеліп жатыр? ҰҚК жауабы

2291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергеліп жатыр? ҰҚК жауабы

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады», делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

«К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр», делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.