Кәсіпқой бокс • 27 Қаңтар, 2022

Жан әлем чемпионы атағына үміткер болатын күн алыс емес

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий әлем чемпионы атағына үміткер атанатын күн алыс емес, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жан әлем чемпионы атағына үміткер болатын күн алыс емес

Бұл туралы промоутер Исмаил Озен Отто мәлімдеді.

«Әлем чемпионы атағына үміткерді анықтайтын жекпе-жек Кличколардың дәуірінен бері болған жоқ. Енді уақыт келіп жетті. Біз дұрыс жолда жүрміз. Күз мезгілінде әлем чемпионы атағына таласатын боксшыны анықтау үшін іріктеу шайқасын өткізбекшіміз. Жүрісімізден жаңылмасақ ешкім Жанмен жекпе-жектен қашып құтыла алмайды», дейді ол өз ойын түйіндеп.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий 19 ақпан күні шаршы алаңға оралады. Германияның Гамбург қаласында өтетін бокс кешінде отандасымыз француз боксшысы Жоан Дюопаның шамасын байқап көрмек. WBC International белдігі сарапқа салынатан шайқаста Жанның мерейі үстем болса, ол іріктеу жекпе-жегіне қатыса алады.