Уақыт
Мектеп • 14 Наурыз, 2024
«Наурыз-челлендж»: Мектептерде бір мезетте күй ойнайды
Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді. Бұндай челлендж былтыр алғаш рет өтті. Биыл да сондай шара жалғасады. Домбыра үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ораза-2024: Әр өңірдің уақыт кестесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі еліміздің қалалары және елді мекендеріндегі 2024 жылғы Ораза уақытының кестесін жариялады. Әр өңір бойынша ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттарында минуттар бойынша айырмашылықтар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 02 Наурыз, 2024
«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды
Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Уақыт белдеуі өзгерген күні 803 нәресте дүниеге келді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары бірыңғай уақыт белдеуіне көшті
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Елде уақыт белдеуі теңеседі. Өзгеріске қалай тез бейімделуге болады?
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5). Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Биылғы наурыз айы тарихи оқиға мен бірқатар экономикалық өзгеріске толы болмақ. Қазақ халқы үшін ежелден жаңару, жыл бастауы болған айға осы жылы Рамазан уақыты да тұспа-тұс келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 27 Ақпан, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуінде намаз уақыты қалай өзгереді? Мүфтият жауап берді
2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, елдің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуге көшеді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы намаз уақытының өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2024
Таңғы уақытта жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 24 ақпанда 04 сағ.58 мин.53 сек. жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан халықаралық ұйымдарды хабардар етті
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
1 наурызда Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте мектептерде сабақтың басталу уақыты да өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Бәйге аттарының рекорды жылдан-жылға жаңарып келеді – атбегі
Елімізде биылғы бәйге маусымы наурыз айында ресми ашылады. Бәйгеге қосылатын жүйрік аттардың шабысы жылдан-жылға үдеп келеді. Бұл туралы Ұлттық ат спорты федерациясының бірінші вице-президенті Мұрат Өсербаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Ақпан, 2024
Алматылықтар онлайн рәсімдеген құжаттарын автоХҚО-ға бармай-ақ алады
Биылғы қаңтар айынан бастап алматылық автокөлік иелері онлайн рәсімдеген құжаттарын мамандандырылған ХҚО-ларға бармай-ақ ала алатын болды. Енді Алматы қаласы Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратының 2-ші қабатында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істейді. Мұнда «көлік құралдарын тіркеу» және «жүргізуші куәліктері» бойынша дайын құжаттарды алуға болады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
29 ақпанда тәулікте 25 сағат болады. 1 наурыз күні уақытты қалай өзгерту керек?
Сауда және интеграция министрлігі ел азаматтарына 29 ақпан күні ұялы телефондағы уақыт автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді. Тұрғындарға уақытты бір сағат артқа шегерудің қажеті жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2024
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленді
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
27 рейс кешіктірілді. Елорда әуежайы уақытша жабылды
Астана халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мерекедегі жұмыс кестесі белгілі болды
Азаматтарға арналған үкімет порталы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН, спецЦон) жаңажылдық мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«1 сағат кері шегеріледі». Депутат бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің тиімділігін айтты
Келесі жылдан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Ұзақ талқылау мен зерттеудің нәтижесінен кейін мамандар осындай шешім қабылдаудың тиімді екенін айтып отыр. Бізде қазір екі уақыт белдеуі бойынша бағамдалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басқа облыстарға қарағанда 1 сағат уақытқа артта. Келесі жылдан бастап Қазақстанның барлық аймағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Яғни Батыс аймақтағы төрт облыс және Қызылорда облысы секілді 12 облыста да сағат тілі 60 минутқа кері шегеріледі. Бұл қаншалықты тиімді болмақ? Мәжіліс депутаты Еркін Әбілден сұрап, тілдестік.
Елорда • 19 Қыркүйек, 2023
Елордада екі көше учаскесі уақытша жабылды
Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
MAЭК-тегі апат: төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселе қаралуда
МАЭК-те болған апат салдарынан энергия блоктарын жөндеу және электр станциясының тоқтау нәтижесінде өңірде энергия тұтынуды шектеу бойынша уақытша шаралар енгізілді. Ертеңнен бастап тұрғындарға жоспарлы шектеулер бойынша алдын ала хабарланатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Тамыз, 2023
Елордада екі көшенің учаскелері уақытша жабылады
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Шілде, 2023
Колледжге құжаттар қашанға дейін тапсырылады?
Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжат 2023 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
Алматыда Желтоқсан көшесі уақытша жабылады
Алматыдағы Желтоқсан көшесінің бірқатар учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды, Egemen.kz
Білім • 28 Сәуір, 2023
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі белгілі болды
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Сәуір, 2023
Теледидар мен радио уақытша өшіріледі
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазтелерадио» ұлттық операторына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Ұшақта ауызашар уақыты қалай анықталады?
Ораза тұтушының ауыз ашу уақыты ақшам намазының уақыты, яғни күннің батуымен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2023
Әуе билеті уақыты тақалғанда неге қымбаттап кетеді?
Журналистер Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтан әуе билеті бірнеше ай бұрын арзан болып, ал уақыт тақалғанда неге қымбаттап кететінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2023
Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша шектелді
Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың 9 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2022
Қазақстан «Теңдік уақыты» дүниежүзілік науқанына қосылды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Қазақстан «Теңдік уақыты» ұранымен өтетін ЮНЭЙДС Бүкіләлемдік науқанына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2022
Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының Ұлытау ауданында өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең сағат 15:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.