Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін

2450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурызда Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте мектептерде сабақтың басталу уақыты да өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін

Ғани Бейсембаев еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі сарапшылар мен ғалымдардың зерттеуінен кейін мақұлданып отырғанын алға тартты. Жаңа уақытқа байланысты сабақтың басталу уақытын белгілеу пәрмені әкімдіктердің құзіретіне берілмек. 

«Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады», деді Оқу-ағарту министрі.