«Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша көбейеді.
Былтырдан бастап кәсіпорындардың өтінімі бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін алады.
Министрлік биыл кәсіпорындардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың студентті қабылдау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.