Аймақтар • 15 Наурыз, 2023

Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша шектелді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың 9 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша шектелді

«Қазавтожол» баспасөз қызметі хабарлағандай, елдің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды.

Ақмола облысы:

  • Астана - Петропавл (18-291 км, Астана – Көкшетау учаскесі);
  • Астана - Петропавл (304-341 км, Көкшетау учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
  • Көкшетау - Омбы (14-50 км, Көкшетау учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
  • Щучинск - Зеренді (0-77 км, Щучинск учаскесі – Зеренді ауылы).

Батыс Қазақстан облысы:

  • Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясының шекарасы (97-131 км, Бөрлі кентінің учаскесі-Ақсайға бұрылғанға дейін).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • Челябинск - Новосибирск (535-618 км, Петропавл – Булаево учаскесі);
  • Астана - Петропавл (341-473 км, Ақмола облысының шекарасы учаскесі - Бескөл ауылы);
  • Жезқазған - Петропавл (882-946 км, Явленка ауылы учаскесі – Бескөл ауылы);
  • Петропавл - Соколовка - Ресей Федерациясының шекарасы (11-73 км, Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы);
  • Көкшетау - Омбы (50-214 км, Ақмола облысының шекарасы – Кішкенекөл ауылы).

Уақытша шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін енгізілгенін атап өту керек.