ANTIKOR • 02 Наурыз, 2024

«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.

«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды

Фото: Facebook_ФФК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Ерлан Қожағапанов кәсіби қызмет атқару кезінде жең ұшынан жалғасқан әрекетке барды деген күдікке ілінді.

«Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ірі көлемде жемқорлық жасау дерегі бойынша тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр», делінген Антикор хабарламасында.

Бүгінде қылмысты нақты айғақтау үшін тергеу ісі жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.