Қоғам • 05 Сәуір, 2023

Әуе билеті уақыты тақалғанда неге қымбаттап кетеді?

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналистер Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтан әуе билеті бірнеше ай бұрын арзан болып, ал уақыт тақалғанда неге қымбаттап кететінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе билеті уақыты тақалғанда неге қымбаттап кетеді?

Осы орайда журналистер Fly Аrystan компаниясын мысалға келтірді.

«Fly Аrystan 2019 жылдан бері 8 миллион жолаушыны тасыған. Оның ішінде жолаушының 60%-ы 15 мыңнан төмен бағада билет алған. Сол себепті біз компания лоукостер ретінде өз мақсатын орындап жатыр деп есептейміз», деп жауап берді Талғат Ластаев.

Бұдан бұрын сенат отырысында әуе билетінің бағасына жанармайдан бастап басқа да шығындар кіретіні айтылған еді.

Журналистер Талғат Ластаевтан «Бір күн бұрын алынған рейстің ұшағы ерекше жанармаймен ұша ма?» деп сұрады. 

«Халықаралық авиацияда сондай ереже пайдаланылады. Билет құны оның уақытына байланысты белгіленеді. Тіпті қонақүйлер де осындай тәжірибені қолданып жұмыс істейді. Оның мағынасы неде? Билет көбірек алынса, билет бағасы көтеріле береді. Халықаралық тәжірибеде «бағаның динамикалы өзгеруі» деген тәсіл пайдаланылады», деп жауап берді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.