Елорда • 19 Қыркүйек, 2023

Елордада екі көше учаскесі уақытша жабылды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада екі көше учаскесі уақытша жабылды

Фото: gov.kz

Қала әкімдігінің ресми сайты құлағдар еткендей, 19-20 қыркүйек күндері Р.Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да оң жақта жүзеге асырылады.

Оған қоса, 19-25 қыркүйек аралығында С.Нұрмағамбетов көшесінің Р.Қошқарбаев даңғылынан А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды.

«Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске тап болмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше