Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022

Өткен жылы 2480 ескі трактор кәдеге жаратуға қабылданды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы кәдеге жаратуға 2480 бірлік трактор мен 900 комбайн қабылданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Өткен жылы 2480 ескі трактор кәдеге жаратуға қабылданды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда парк 141 мың трактор мен 36 мыңнан астам комбайнды құрайды.

«Бұл ретте тозу деңгейі 80%-ды құрайды, олардың барлығы 10 жылдан астам уақыт қолданылған техника. Осыны ескере отырып, біз паркті жаңарту бүгінгі күні орта есеппен 3% құрағанын түсінеміз, бірақ тиісті тозу кезінде паркті 6%-ға жаңарту қажет. Кәдеге жарату алымы шеңберінде тракторлар мен комбайндар тапсырылып, отандық өндіріске жеңілдік немесе ақшалай өтемақы алатын ваучерлер бойынша бағдарлама енгізілді», деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жасау, арнайы техника, ауыл шаруашылығы машинасын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясында.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде қанша ескі ауыл шаруашылығы техникасы кәдеге жаратуға қабылданғаны айтылды.

«Кәдеге жарату алымын енгізген сәттен бастап кәдеге жаратуға 2480 трактор, 900 комбайн қабылданды», деп хабарлады басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50