Білім • 27 Қаңтар, 2022

Мектепті 4 жылдан артық басқарған директорлар орнын ауыстырады

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ел бойынша мыңнан астам мектеп директоры ротацияланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мектепті 4 жылдан артық басқарған директорлар орнын ауыстырады

«Биыл директорлардың ротациясы басталады. Алдыңғы жылы заңнаманы қабылдап, бекіттік.  Енді биыл нақты мыңнан астам директор ротацияға ілінеді», деді Асхат Аймағамбетов.

Ротацияның ережелері төмендегідей:

Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеген басшылар ротацияланады.

Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.

Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.

Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:

– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармалары жүзеге асырады;

– ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;

– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді.

– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.