18 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №4-1/130

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 наурыз,  Астана қаласы Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінің 30-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы 14 ақпандағы хаттамасы негізінде бұйырамын: 1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент ішкі нарықты реттеу мақсатында 182 000 (жүз сексен екі мың) тоннаға дейінгі көлемдегі мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын мақсатты пайдаланылуын жүзеге асырсын, 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С.Исаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Министр А.МАМЫТБЕКОВ.