Әлем • 27 Қаңтар, 2022

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Төрт-Кочо және Чир-Добо аудандарында әскери қызметшілер арасында атыс болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

«Сағат 17:30-дан 18:00-ге дейін Тәжікстанның шекарашылары Баткен облысының Төрт-Кочо ауданындағы «Баткен-Исфана» жолының учаскесін біржақты тәртіппен жауып тастады», деп хабарлады Қырғызстанның шекара қызметі. 

Шекара қызметінің облыстық департаментінің басшысы мен Баткен шекара отрядының басшысы аталған жерге аттанды. Шекараның осы учаскесінде орналасқан әскери қызметшілер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Қырғыз тарапы шиеленісті бәсеңдетуге тырысуда. 

Тәртіпсіздіктер Сомониён ауылынан Чоркух жамағатына бара жатқан Тәжікстан азаматтарының көліктеріне тас лақтырылғаннан кейін басталғаны жайлы болжам бар. 

Қазір екі жақтан да жауапты тұлғалар шекара маңына жиналды. Жағдайды әскерилер мен қауіпсіздік күштері бақылауда. Қазір Исфара-Ош жолы жабық. 

24.kg агенттігінің хабарлауынша, тәжікстандық әскерилер алдымен қарудан оқ жаудырып, кейін минометтен оқ атқан. 

«Төрт-Кочо және Чир-Добо аудандарында әскери қызметшілер арасында атыс жүріп жатыр. Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді қолданып жатыр», деді жергілікті тұрғындардың бірі. 

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі бұл ақпаратты растамағанымен, жоққа да шығарған жоқ. 

Агенттік әзірге оқиғаның егжей-тегжейін баяндамады.