Өнер • 27 Қаңтар, 2022

Гарнт готикасы

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Адам нені ойласа соған тәуелді. Өз қиялыңыздан қашуға тырыспаңыз, қайта оны қуалағаннан артық рақат жоқ. Сонда ғана өмірден ләззат аласыз. Тура суретші Гарнт Вуд секілді. Оның қай картинасын алып қарасаңыз да әртүрлі тұжырымның шырмауына ораларыңыз анық. Бәлкім, біз көремегенді, сіз байқап қаларсыз. Көз салыңызшы?!

Гарнт готикасы

Картинаның аты – «Америкалық готика». Ком­позицияның кейіпкерлері – ағаштан соғылған қара­пайым үйдің алдында тұрған фермер мен оның қызы. Бақсаңыз, артқы фондағы ғимарат готикалық стильде жазылған. Диқанның айырын қолына мықтап түйгенін көреміз. Бұл жұмыс құралы емес, қарудың ерекше түрі секілді. Бір ашудың лебі еседі.

Суретші фермерлердің толықтай тартымсыз­ды­ғын жеткізген. Еріндерін қатты қысып алып, оқты көз­дерімен ашуын білдіріп тұр. Бұл саяси жүйеге деген көңіл толмаушылықтан болуы мүмкін. Жанар­лары­нан терең реніш пен шынайы өкпені оқуға болады.

Фермер қызының үстінен ескірген алжапқышты көреміз. Оның бет-әлпеті жігерлі болғанымен көмекке зәру жанға ұқсайды. Әкесінің әрекетін толық қолдауға тырысып тұр. Қызығы сол, шаруалар киімінен қолындағы айырдың контурына ұқсайтын тігістерді көре аласыз. Сол контурлар оның үйінің терезелерінде де қайталанады.

Жалпы, кенептегі композиция XIX ғасырдағы америкалық фотосурет стилінде жызылған. Кейіп­керлер нағыз пуритандықтар сияқты өте ұстамды. Автордың әпкесі фермер қызына прототип болды. Артқы план мен алдыңғы план екі суреттің қосындысы секілді көрінеді. Бұл картинадағы көрініс ешқашан болмаған.

Қылқалам шебері бір күні ешкімге ұқсамайтын кішкентай үйді көреді. Оған қатты қызыққаны соншалық ғимаратты бейнелеп қана қоймай, онда кім өмір сүретінін елестетеді. Суретші сол кездегі барлық америкалық шаруаның портретін жазғысы келді. Сыншылар автордың ауылдағы ең қарапайым бейнені жазғанына риза болды. Оны жасампаздықтың мызғымас рухымен байланыстырды.

Ал бізге бұл шығарма айырын қолына ұстап малына шөп іздеген қазақ шаруаларының жай-күйін көз алдымызға әкелгендей болды. Ауылдың тұрмысы түзелмей елдің әл-ауқаты артпайды.