Жастар құрамасы елордада оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.
Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын белгілі бапкер Вахид Масудов жаттықтырады. Бұған дейін ол «Ақтөбе» клубының тізгінін ұстаған болатын. Ал былтыр U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған еді.