Тараптар кездесіп, шекараға тартылған қосымша әскер мен техниканы алып кетуге, Баткен-Исфана арасындағы жолды ашуға және екі елдің қарулы күштері әрі қарай қақтығысты болдырмау үшін шекара бойындағы елді мекендерді бірге қадағалау бойынша келісімге келді.
Шекарадағы жағдай кеше кешкілік ушыққан болатын. Алдын ала ақпарат бойынша жанжал қырғыз жағының Тәжікстан азаматтарының көлігіне тас лақтыруынан басталған. Сөйтіп, екі елдің тұрғындары арасындағы кикілжің шекарашылардың атысына ұласқан.