Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022

Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялады

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-Сок мырза Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялады

Елші бұл туралы екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жыл толуына орай жолдаған құттықтауында айтты.

«Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырған биылғы жылды екі елдің Үкіметі «Өзара мәдени алмасу жылы» деп жариялады. Біз Корей мәдениетін көптеген қазақстандықпен бөлісу үшін түрлі іс-шаралар дайындап жатырмыз. Мен осы айтулы оқиғаны - дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын бірге атап өту үшін эпиджағдайдың тезірек жақсара түсетініне үміт артамын», деді дипломат.