Спорт • 29 Қаңтар, 2022

Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан Италия құрамасын жеңді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Италия құрамасын 4-1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан Италия құрамасын жеңді

Алғашқы минуттан алаңға Игита, Тайнан, Тұрсагұлов, Дуглас, Оразов бестігі шықты. Ойын барысында оларды Атантаев, Карағұлов, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Тоқаев, Сағындықов алмастырды. Ойын басынан қос құрама бірден шабуылға көшті. 

Ойынның 5-минутында қазақстандық Біржан Оразов мергендік танытса, 8-минутта Азат Валиуллин есепті еселеді. Оған 12-минутта Дуглас Николоди бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңнің 30-минутында Біржан Оразов бүгінгі кездесудегі екінші голын соқты. Ал 38-минутта қазақстандық құрамадан Дуглас Жуниор қорытынды есепті тіркеді.