«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 29 қаңтар, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының екінші дәрежелі ластану қаупі бар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.