Оқиға 28 қаңтар күні 16:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 71 шақырымында орын алған.
Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен төрт жолаушы (екеуі – кәмелетке толмаған балалар) оқиға орнында қаза болды», делінген хабарламада.