Президент • 29 Қаңтар, 2022

Қ.Тоқаев «Қаңтар трагедиясы» туралы: Бұл - мұқият жоспарланған әрекет

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға шабуыл жасаған содырлардың жұмысшы атын жамылып келгенін айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев «Қаңтар трагедиясы» туралы: Бұл - мұқият жоспарланған әрекет

«Бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызықпаған. Олар әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарды басқарды. Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты құжаттарға қызығушылық танытты. Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды. Содырлардың әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар.

Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер. Жұмысшы атын жамылып, шекара арқылы қалаға кіріп, операцияны басқарған», деді Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.