Осындайда тілді балаға жастан оқытып-үйрету керек деп тіл мамандары да, педагогтар да, қалың көпшілік те айтып жатады. Сол сөздің шындығын іс жүзінде, қаз қалпында көру дегеннің өзі бір ғанибет екен! Мәселен, Арина 4 пен 6 жас аралығында «Ақбота» балабақшасының қазақ тобында тәрбиеленді. Бұл балабақша Майқұдықтың «Колос» аялдамасына таяу, Күзембаев көшесінің бойында орналасқан. Давыдовтар отбасы үй ішінде орысша сөйлейді. Әкесі Юрий Анатольевич – кәсіпкер. Арина «шешем» деп айтпайды, «анам» дейді. Иә, анасы Ирина Анатольевна тілге біршама жақын маман, сөйлемесе де, қазақ тілін түсінеді, Қарағанды мемлекеттік университетінде логопед. Қызының қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп кетуіне бұл кісінің көп септігі тиді. Жалғыз қыздарынан несін аясын, керекті суретті кітапшалармен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен барынша қамтамасыз етуге тырысты. Міне, соның нәтижесі болса керек, кез келген үйде бола қоймайтын қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, түсіндірме сөздігі, тұрақты тіркестер, фразеологизм, тұрақты теңеулер, синонимдер, антонимдер сөздіктері, орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер бар.
Қазақ тобында тәлім-тәрбие алған екі-үш жыл із-түзсіз кетпеді. Бірде қазақша былдырлап жүрген одан таныстары «Ты кто по национальности?» деп сұрапты.Сонда ол: «Я – русская казашка», деп жауап беріпті. Қазақша тілін сындырған, әліппеден бастап, халқымыздың әдет-ғұрыптарымен таныстырған тәрбиешісі Күләш Қалиқызының есімін соншама сүйіспеншілікпен атайды, алғашқы тәлімгеріне шәкірттік ризашылығын білдіреді. Әрбір тәрбие сағатын соншама әсерлі және ұғынықты өткізгендіктен, қазақ сөздері жас баланың санасында әбден орнығып, жатталып қалған. Ол жағдаят мектепке барғанда бірден байқалды. Ойларында ештеңе жоқ ата-анасы Аринаны әуелі №95 орыс мектебіне береді. Күндердің бір күнінде қыздарының бірте-бірте қазақ тілін ұмыта бастағанын байқайды. Өмір ілгері озып, мемлекеттік тіл белең ала бастаған кез. Осыны жіті аңғарған анасы: «Орыс тілін онсыз да ұмытпас. Ел болашағы – қазақ тілінде оқу керек! Қой, болмас», деп келесі жылы қызын қазақ мектебіне апарады. Өздері тұратын жерден онша алыс емес, іргедегі №34 орта мектеп. Бес жыл бойы, 2-сыныптан 6-сынып аралығында қазақ тілінің мұғалімі Гүлбарам Пішенбаева «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінен үзбей сабақ берді. Шәкіртін ауызша мазмұндауға, диктант жазуға машықтандырып, білмей жатқан жері болса әрқашан көмектесті.
Ғаламтордан, БАҚ-тан біліп отыратын жай ғой, алдыңғы жылдары елімізден мамандар табылмағандай, кейбір оқулықтар қырғыз ғалымдарына аудартылғаны есімізде, Аринамен әңгімелесіп отырғанда «мысал есептер түсінікті ме?» деп сұрап едім, «түсінікті» деді. Е, онда математика оқулығы дұрыс аударылған екен деп түйдім іштей. Оның үстіне баланың өз түсінігі де жақсы ғой. Біз көбіне тіл білу дегенді ауызекі сөйлесе білу деп түсінеміз. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағида осыдан келіп туындаған. Бұл қазақ тілін меңгерудегі бірінші кезең болса керек. Гәп сол тілде сауатты жаза білуде емес пе?! Осы ретте Бауыржан Момышұлының «Тіл білу дегеніміз – сол тілде жаза білу» деген қанатты сөзін еске сала кетуді жөн көріп отырмын. Бұл өміршең қағида мектеп шәкірттерінен бастап сонау жоғары лауазымда жүрген азаматтарға да қатысты ортақ талап, ортақ міндет деп білемін.
Айтса айтқандай, Арина қазақ тілінде мазмұндаманы да, шығарманы да жақсы жазады. Биыл қаламыздағы білімнің қарашаңырағы – Қарағанды облыстық Жамбыл атындағы №7 мамандандырылған мектеп-интернатының 7 В сыныбында оқып жатыр. «Арина мұнда төрт пәннен: математикадан, қазақ тілінен, орыс тілінен және тарихтан арнаулы тестілеуден өту арқылы қабылданған», дейді оқу орнының директоры Қайырбек Ілімбаев. Бүгінде қазақ тілінен Светлана Кәкімова сабақ береді. Талапты жастың саналы ұмтылысын тиісінше қолдап, білген-түйгенін үнемі ұштап отырады.
Арина қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра мен геометрия және ағылшын тілі пәндерін ұнатады. Үш тұғырлы тіл талабына сай мектеп кітапханасына, қалалық кітапханаларға барып, кәдімгідей мақсатты түрде талаптанып, ізденіп оқиды, үздік оқиды. Соның нәтижесі ғой, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мектептің «Білім шыңы» тақтасында бірінші орында тұр. «Мектептің ең үздік оқушысы Давыдова А. 7 В сынып» деп тайға таңба басқандай жазылған.
Бос уақытында көркем әдебиет оқиды. Осы күнге дейін сүйсініп оқыған көркем шығармалары қатарында қазақ қаламгерлерінің ішінен ұлы Абайдың өлеңдері мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын айрықша атайды.
Қазақ тілін жақсы меңгерген басқа ұлт өкілдері баршылық қой десек те, біздің орыс тілі басымдау қаламызда тікелей қазақ мектебінде оқып жатқан Аринадай талапты жас сиректеу, саусақпен санарлықтай ғана. Басқа осындай жарқын мысалдар болса қуана құп аламын. Иә, үш тілді бірдей білетін шәкірттің арманы қандай екенін білмек болып:
– Келешекте қандай мамандықты таңдап отырсың? – деген сауал қойдым.
– Аудармашы болсам деймін. Тоғыз тілді біліп шыққым келеді. Қытай, француз тілдеріне ықылас қойып жүрмін, – деп жауап берді.
Осы жерде мына бір жайт есіме түсті. Академик Сағынов «Ағылшын тілін алты айдың ішінде үйренуге болады, ал қазақ тілін бірнеше жыл оқытып неге үйрете алмаймыз?» депті тілші ғалымдарға. Кезінде КГБ қызметкерлерін ағылшын тіліне грамматиканы жалаң баяндамай, диалогтар арқылы бекітіп оқытқан Илона Давыдованың әдісін мысал қылып келтіргені шығар.
«Бір тіл білген – бір кісі, екі адамға тұрады – екі тілдің білгіші» дейді, сонда үш тілді тең білген жан білгіштердің күштісі болғаны ғой деген ой түйе келіп, талабы таудай Аринаға білім шыңына өрлей беріп, Илона Давыдова секілді қазақ тілін жеделдетіп оқытудың жаңа әдісін ойлап табушы әдіскер маман болып, аңсаған арманына жетуіне ізгі тілегімді білдірдім.
Сәбит БЕКСЕЙІТ.
ҚАРАҒАНДЫ.

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47