Оқиға • 30 Қаңтар, 2022

Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда теміржол өткелінде тепловоз мен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

Оқиға Бытовая көшесінде сағат 17:22 шамасында болған. Бейнетіркегіштен түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство аталған факт тіркелгенін атап өтті.

«32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұхар-Жырау даңғылынан Асфальтная көшесіне қарай Бытовая көшесімен келе жатқан. Теміржол өткелінде ол тепловозбен соқтығысуға жол берді. ЖКО нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақым алды. КамАЗ жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, полиция аталған учаскеде көктайғақ болмағанын, бағдаршам дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілері де бар екенін атап өтті.

«Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп толықтырды ведомство.