«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес 30 қаңтар, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Көкшетау, Риддер,Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының екінші дәрежелі ластану қаупі бар. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.