Әлем • 31 Қаңтар, 2022

Италия президенті қайта сайланды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серджо Маттарелла Италияның пре­­зиденті болып қайта сайланды. Апен­­нин түбегіндегі елде басқарушы коалициядағы келіспеушіліктерге қара­мастан, мемлекет басшысы тарап­тардың қолдауын иеленді.

Италия президенті қайта сайланды

Осылайша, С.Маттарелла 759 да­уыспен екінші жеті жылдық мандатқа ие болды. Премьер-министр Марио Драги 80 жастағы С.Маттарелланың «елдің игілігі мен тұрақтылығы үшін» қызметінде қалғанын жоғары бағалады. С.Маттарелла 3 ақпанда отставкаға кетуі керек еді. Ол мұның алдында келе­сі мерзімге сайланғысы келмейтінін бірнеше рет айтқан.

Маттарелла жеңіске жетіп, дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін депутаттар қол соғып қошемет көрсетті. Оқиғаға байланысты пікір білдірген М.Драги: «Серджо Маттарелланың рес­пуб­лика президенті болып қайта сай­лануы италиялықтар үшін тамаша жаңа­лық. Парламенттің оны екінші мерзімге қайта сайлау жөніндегі ерік-жігерін қол­дағаны үшін алғыс айтамын», деді.