2019 жылдан бері аталған компания жыл сайын Қазақстанның еңбек нарығының еңбекақыларына шолуларға қатысып жүр. Тау-кен өндіру секторындағы тиісті көрсеткіштер мен инфляция деңгейі өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу деңгейінің бағдары болып қала бермек.
Нақты айтқанда, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірінші кезекте, операциялық персонал, яғни жұмысшы кәсіптер мен қатардағы мамандардың жалақысы 10%-дан 30%-ға дейін көбейеді. Бұл ретте қолданыстағы жалақы деңгейі еңбекақы төлеудің салалық көрсеткіштерінен төмен болған қызметкерлерде жалақының өсуі жоғары болады.
Компания тұрақты негізде елдегі макроэкономикалық жағдайды зерттейді, жалақының бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізіп отыр. Қажет болған жағдайда қызметтің өндірістік және қаржылық нәтижелерін ескере отырып, еңбекақы деңгейін түзетеді.
«Пандемиядан туындаған қиындықтарға қарамастан, біз компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруды жалғастыруға кезекті рет шешім қабылдадық. Бұл біздің қатысатын өңірлерді қолдаумен қатар, әлеуметтік қызметіміздің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады», дейді «Алтыналмас АК» АҚ басқарма төрағасы Дияр Қанашев.
«Алтыналмас АК» АҚ – толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклі. Компанияның Қазақстанның төрт аймағында активтері, атап айтқанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, сондай-ақ Ақмола облысындағы «Ақсу-2», «Жолымбет», «Ақсу КГ» жобалары мен «Қазақалтын ТКМК» АҚ нысандары бар.
АЛМАТЫ