Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – ревакциналау. Соңғы уақытта әлемде де, елімізде де ауру саны қайта өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Маемиров өзі бастап өнер иелері екпенің үшінші кезеңіне қатысып, мұның халыққа қажеттілігін көрсетті.
«Ақпан айынан бастап біздің Музыкалық жас көрермен театры қойылымдарын өз көрермендеріне тарту етеді. Ал көрермендердің қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте. Сондықтан көрермендеріміз, қойылымды қауіп-қатерсіз емен-жарқын жоғары көңіл күйімен тамашалап отыруы біз үшін маңызды. Театр басшысы ретінде өзім бастап, әртістеріміз бен режиссерлеріміз ревакциналанып жатырмыз. Қазіргі таңда 20-дан астам театр әртісі екпе алды. Ревакциналау театр қызметкерлері толық өткенше жалғаса бермек», деді Асхат Максимұлы.
Алдағы уақытта театрға көрермендердің келуіне мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан сахнада өнер көрсететін театр әртістері ереже бойынша екпенің екінші кезеңінен 6 айдан соң ревакцинадан өтуі керек.