Коронавирус • 31 Қаңтар, 2022

Індетті жеңудің жолы – ревакциналау

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып қалалық №2 емханада қауіпті індетке қарсы екпенің үшінші компонентін салдырды.

Індетті жеңудің жолы – ревакциналау

 Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – ревакциналау. Соңғы уақытта әлемде де, елімізде де ауру саны қайта өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Маемиров өзі бастап өнер иелері ек­пе­нің үшінші кезеңіне қатысып, мұның ха­лыққа қажеттілігін көрсетті.

«Ақпан айынан бастап біздің Музы­калық жас көрермен театры қойылым­дарын өз көрермендеріне тарту етеді. Ал көрермендердің қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте. Сондықтан кө­рер­­мендеріміз, қойылымды қауіп-қатер­­сіз емен-жарқын жоғары көңіл күйі­­мен тамашалап отыруы біз үшін ма­ңыз­ды. Театр басшысы ретінде өзім бас­тап, әртістеріміз бен режиссерлері­міз ревакциналанып жатырмыз. Қазір­гі таңда 20-дан астам театр әртісі екпе алды. Ревакциналау театр қызметкерлері толық өткенше жалғаса бермек», деді Асхат Максимұлы.

Алдағы уақытта театрға көрер­мендердің келуіне мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан сахнада өнер көрсе­тетін театр әртістері ереже бойынша екпенің екінші кезеңінен 6 айдан соң ревакцинадан өтуі керек.