Бірер апта бұрын ҚХЛ клубтары арасында Қытай астанасы – Бейжің қаласындағы қысқы Олимпиада кезінде чемпионатты жалғастыруға байланысты сауалдама жүргізілген болатын. Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-сы Олимпиада кезінде матчтарды өткізуге қарсы екендерін айтқан. Сөйтіп тұрақты біріншіліктің басшылығы Олимпиада кезеңінде чемпионатты жалғастырмауға шешім қабылдады.
ҚХЛ ойындарының қалған бөлігі қашан және қандай форматта жалғасатыны жөнінде нақты шешім 10 ақпанда белгілі болады. Қазіргі таңда қазақстандық «Барыс» командасы «Шығыс» конференциясының турнир кестесінде 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 8-орында тұр. Ал жалпы есепте 17-сатыға жайғасқан.