Жарыстың кезекті күнінде жас спортшылар 1000 метр қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық спортшы Алина Дауранова тиісті қашықтықты 1:20.59 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті.
Аталған санат бойынша жапониялық Юкино Юшида топ жарды. Нидерландтық Джейд Гроневуд үздік үштікті түйіндеді.