Спорт • 31 Қаңтар, 2022

Теннисші Анна Данилина WTA рейтингісінде алға жылжыды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясы Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Теннисші Анна Данилина WTA рейтингісінде алға жылжыды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) және кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингінде өзге де қазақстандық теннисшілердің көрсеткіші мәлім болды.

Жекелей сында Елена Рыбакина 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға табан тіреді.

Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді. Денис Евсеев 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.