Ауа райы • 31 Қаңтар, 2022

31 қаңтарда ауа райы қандай болмақ?

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

31 қаңтарда ауа райы қандай болмақ?

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік, шығыс өңірлерде қар, еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр және көктайғақ құбылыстары бар қар жауады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Еліміздің шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда аяз 15-28 градусқа дейін сақталады, ал Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді.