Аймақтар • 31 Қаңтар, 2022

Бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленді

1217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесі зардап шеккен 17 кәсіпкерге 33 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді, деп жазады Egemen.kz.

Бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленді

Зардап шеккен шағын және орта бизнес шығындарын өтеуге өтінімдерді қарау бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгіне дейін InfoKazakhstan.kz электрон платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 2000-нан астам өтінім түскен.

«Өтінімдер жеңілдетілген тәртіп, сондай-ақ сот сараптамасының қорытындылары мен өтініш берушінің қалауы бойынша қаралады. Алматы қаласында жедел сараптама жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді, оған қосымша 68 сот сарапшысынан тұратын арнайы қор құрылды», делінген ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.