Қоғам • 31 Қаңтар, 2022

«Қазақстан темір жолы» компаниясында бірқатар кадрлық тағайындау болды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекіткенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан темір жолы» компаниясында бірқатар кадрлық тағайындау болды

Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды.

Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Даир Көшеров,

Логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерлан Қойшыбаев,

Жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерсайын Нағаспаев,

Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров,

Аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.