Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022

Ұлттық сенім кеңесінің құрамы өзгерді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Данилов, Л.Демесінова, А.Мырзахметов және А.Омаров шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық сенім кеңесінің құрамы өзгерді

Ұлттық кеңеске енгендер:

- Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева,

- Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков,

- Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек,

- Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина,

- Қаржыгер Расул Рысмамбетов.

Ұлттық кеңеске жаңадан 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсенділері тартылды. Әзірге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізілуде.