Коронавирус • 01 Ақпан, 2022

Жұмыссыздар да індетке жиі шалдығады

178 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қаңтардың соңғы күнінде Алматыда 1 556 адам індетке шалдыққан. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар арасында балалар көбейіп келеді. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова алдыңғы аптада 13 508 адам коронавирус жұқтырса, өткен аптада індет 14 213 алматылықтан анықталғанын айтты.

Жұмыссыздар да індетке жиі шалдығады

«Алайда 27 қаңтардан бері тұ­рақ­тану үрдісі тіркелді. Жалпы, Алматы тұрғындарына жауап­кершілік танытқаны үшін ал­ғыс айтқым келеді. Өйт­кені бір апта ішінде қайта вак­ци­на­­лан­ғандардың саны 42 мың адам­ға немесе 36%-ға арт­ты. Бұл халық арасында иммун­дық ара­лықты 56,8%-ға дейін арт­ты­руға мүмкіндік берді (вакци­на­лан­ғандардың 52,6%-ы, пан­демия басталғаннан бері ауыр­ған­дардың 4,2%-ы). Бұл дерттің бәсеңдеуіне әсер етті», деді Ә.Қалықова.

Ол індеттің жыл басынан бері Алматыда 18 есе өскенін ал­ға тартты. Дегенмен 20-39 жас ара­лы­ғындағы науқастар саны 40%-дан 35%-ға дейін азайды.

«Бірақ өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында індет айтарлықтай өршіп 5,4%-ға, ал жасөспірімдер арасында 1%-ға көтерілді, сондай-ақ 60 жас­тан асқандар арасында 3%-ға өсті. Бір жасқа дейінгі балалар арасында керісінше 450-ден 438 жағ­дайға дейін сәл төмендегені бай­қалады. Бірақ оның үлесі бала­лар арасында айтарлықтай – 22,8%.

Ал енді жұмыссыздар мен өзін өзі асырап отырғандар ін­дет­ке неліктен жиі шалдығып жа­тыр? Әсел Қалықова өткен ап­тада жұмыс істемейтін және өзін өзі жұмыспен қамтыған ал­ма­­тылықтар арасында індет жұқ­т­ыру көрсеткіші – 33%, түрлі ұйым­­дар мен кеңселердің қыз­мет­кер­­лері – 22%, зейнеткерлер – 20%, мектеп оқушылары – 9% және мек­теп жасына дейінгі балалар арасында 6% болғанын мәлімдеді.

Соңғы талдаулар алматылық­тардың көбінесе індетті сауда-саттық орындарынан жұқтыра­ты­нын анықтады. Одан кейін қоғамдық көліктер мен үйдегі адамдардан бір біріне жұғады.

Алматыда 27 қаңтардан бас­тап Ashyq жобасына қаты­са­тын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі уақыт бойынша жұмыс режімі бел­гі­ленбейтін болды. Білім беру мекемелеріне білім берудің келе­сі форматына рұқсат етілген: ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта; жалпы білім беретін мектептердің жұмысы: 1-4 сыныптар – штаттық форматта; 660 балаға дейінгі мектептер – штаттық форматта; 600-ден астам бала мектептер – 50% қуатымен штаттық форматта.

Қаланың санитариялық-эпиде­мио­логиялық бақылау департа­менті басшысының орынбасары КВИ жұқтырғандармен бай­ланыста болған науқастарға қатыс­ты шектеулер мен рұқсат­тарға қатысты сөзінде екінші ком­п­онентті алғанына 6 айдан ас­паған болса, ревакцина­лау немесе COVID-19-ға қарсы вак­ци­налаудың толық курсын алға­ны туралы құжаттық растау бол­ған кезде үй карантиніне оқшау­ланбайтынын жеткізді. «Жетін­ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру жүргі­зіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәти­же­сімен үй карантині аяқта­лады. Егер жетінші күні COVID-19-ға зерт­ханалық тексеру жүр­гізіл­месе, үй карантині оқшау­лан­ған сәт­тен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады», деді ол.

 

АЛМАТЫ