Спорт • 01 Ақпан, 2022

Үш дүркін әлем чемпионы

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен Бірік­кен Араб Әмірліктерінің бас шаһары – Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қазақ­стан­дық спортшылар жасындай жарқылдап, нәтижелі өнер көрсетті.

Үш дүркін әлем чемпионы

Атап айтқанда, 52,2 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бағдат Жұбаныш финалда ресейлік Фархад Рахмоналиевті жеңіп, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпио­ны атанса, Бекзат Жасия (65,8 кг) әлемдік додада ел қоржынына екінші алтынды салды. Жерлесіміз финалда испаниялық Хуан Изкуэрдоны төрешілердің шешімімен жеңді.

56,7 килода жұдырықтасқан Дас­тан Жақыпбеков күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қазақстан әйелдер ко­мандасынан Айжан Әбдіқадыр (70,3 кг) да күміспен күптелді. Аса ауыр салмақтағы Расул Хатаев (120,2 кг) фи­налда ресейлік спортшыдан жеңіліп, екінші орынға табан тіреді.