Күрес • 01 Ақпан, 2022

Балуан қыздың алтыны

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Красноярск қала­сында мәресіне жеткен күрес түрлерінен Иван Ярыгинді еске түсіруге арналған XXXIII ха­лық­аралық турнир өз мәре­сіне жетті.

Балуан қыздың алтыны

Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға биыл 11 елден келген 300-ден астам спортшы 10 салмақ бойынша сынға түсті. Олардың арасында қазақ­стандық спортшылар да бар. Рио Олим­пиадасының қола жүлдегері, былтырғы Азия чемпионатының жеңім­пазы Эль­мира Сыздықова дәс­түрлі жарыстың чемпионы атанды. 76 кило салмақта белдескен отандасымыз финалда Беларусь балуаны Ксения Дзибукты 15:4 есебімен тізе бүктірді. Ол бастапқы бәсекелерінде моңғолиялықтар Уртнасан Ган Очир мен Ариунжаргал Ганбат және жартылай финалда ресейлік Марина Силинаны таза ұтқан болатын.