Тағайындау • 01 Ақпан, 2022

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Бұл туралы ОСК сайтында жарияланды.

«1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.

2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», делінген қаулыда.

Ерлан Қошанов 59 жаста. Ол 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарған. 2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды ​​облысының әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін ол премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетін басқарған.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20