Экономика • 01 Ақпан, 2022

Қазақстанда доллар қымбаттады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда доллар қымбаттады

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,3 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 433, 55 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433, 50 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 434, 16 теңгеден сатылса, сатып алу – 435,68 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 434, 32 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 435,68 теңге.