Білім • 01 Ақпан, 2022

Ауыл мектептеріне айрықша назар қажет

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл мектептеріне айрықша назар қажет

«Биыл 1003 ауыл мектебі жаңғыртылады. 560 мектепте күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізіледі, 2068 пәндік кабинет сатып алынады, 598 мектепте жиһаз жаңартылады, 862 кітапхана жаңғыртудан өтеді, 2 млн дана көлемінде көркем және танымдық балалар әдебиеті сатып алынады, 574 асхана жаңғыртылады. 554 мектепте қауіпсіздік жағдайы жақсарады», деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министр апатты, үш ауысымды және оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу мақсатында 200 жаңа мектеп ашу жоспарланғанын еске салды.