Әлем • 01 Ақпан, 2022

Зеленский әскер санын 100 мыңға арттыруды тапсырды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский әскерді 100 мың адамға арттыру туралы жарлыққа қол қойып, Украина экономикасы тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленский әскер санын 100 мыңға арттыруды тапсырды

Бүгін Владимир Зеленский Жоғарғы Рада сессияның ашылу салтанатында жарлыққа қол қойған.

«Жарлық барлық әскериді қаржылық қамтамасыз етуді ең төменгі жалақының үш мөлшерінен төмен емес деңгейге дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ жарлық мақсаты алдағы үш жылда Украина қарулы күштерінің санын 100 мың адамға арттыру, Украина қарулы күштерінің қосымша 20 бригадасын құру», деді Зеленский.

Сондай-ақ ол ел экономикасының тұрақталғанын айтып, қаңтар айында бюджетке түсетін түсімдер 7 миллиардқа артығымен орындалғанын да айтты.