Жекпе-жек • 01 Ақпан, 2022

Жанкүйерлерге Конордың кім екенін көрсеткім келді – Хабиб Нурмагомедов

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы жұлдызы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегорға қарсы өткізген жекпе-жегін еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Жанкүйерлерге Конордың кім екенін көрсеткім келді – Хабиб Нурмагомедов

«Мен сол жекпе-жекті ұзақ күттім. Өзіме қатты сенімді болдым. Сондықтан да сегіз бұрышта Конормен кездескім келді. Бойымда күш, ерік пен жігер деген жеткілікті еді. Оның аса талантты еместігін жақсы түсінетінмін. Жеңілгендер өз қателіктері есебінен есе жіберген. Жанкүйерлерге Конордың шын мәнінде кім екенін көрсетуге бел будым. Сондай-ақ өзімнің шеберлігімді де елдің назарына ұсынғым келгені рас. Адамдық тұрғыдан да, спортшы ретінде де әртүрлі санаттағы адамдар екенімізді танытатын сәт туды. Деңгейіміздің мүлде бөлек екенін жұрт түсінсе дедім. Миллиондаған фанаттарының алдында Конордың бетпердесін шештім», дейді аралас жекпе-жек шебері.  

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек 2018 жылы өткен еді. Аталмыш шайқаста Хабиб Нурмагомедов әйгілі қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің шын мәнінде теңдессіз екенін дәлелдеген болатын.