Оқиға • 01 Ақпан, 2022

Қызылордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобус өртке оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қызылордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Оқиға бүгін, 1 ақпанда сағат 13.37-де тіркелді. Сол уақытта қала ішінде жолаушы тасымалдайтын №1 бағдардағы «Zhong Tong Bus» маркалы автобус өртке оранды. Автобус «Қызылорда» автобус паркі ЖШС-не тиесілі.

«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 9 қызметкер 3 көлікпен келді. Өрт 13.49-да оқшауландырылып, 13.53-те толығымен сөндірілді. Автобустан 16 адам өз күшімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.