Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

Жаңа құрам іске кірісті

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комис­сияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Жобалық кеңсенің кадр­лық құрамы күшейтілді.

Жаңа құрам іске кірісті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссия Президент Жарлығымен 2020 жылғы 24 қарашада құрылды. Өткен жылы ауқымды ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Қазақстандағы сая­си қуғын-сүргін құрбандарының не­гіз­гі санаттарын жан-жақты зерт­теу мақ­са­тында тақырыптық ба­ғыттары бо­йынша мақсатты топтардан құралған 10 Жұмысшы тобы, 17 Аймақтық комиссия құрылды, әдістеме әзірленді, осыған дейін жабық болған қорлар мен материалдар ашылып, көптеген істер атқа­рылды. 2021 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақ­тау бо­йынша ұйымдастырушылық-із­дес­тіру кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңде жинақталған және келіп түсіп жатқан материалдарды, архивтерді және құқыққорғау органдары мен аймақтық комиссиялар жинаған тәжірибелерді сұрыптау, талдау үшін білікті мамандар мен ғалымдар қажет болады. Сәйкесінше, бұл кезеңде жинақталған материалдарды зерттеу мен жүйелеу бойынша терең талдау жұмыстарын жүргізу көз­делуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Жо­ба­лық кеңсенің қызметкерлерінен бел­сен­ділікті, осыған сай дағдылар мен білік­ті­лікті талап етеді.

Мемлекет басшысының Жарлығын орындау мақсатында Премьер-Ми­нистр 2022 жылғы 14 қаңтарда Жо­ба­лық офис­тің кадрлық құрамын кү­шей­ту бо­йынша өкім шығарды.

Мемлекет басшысының комиссия ал­дына қойып отырған міндеттерін орын­даудың жоғары деңгейдегі жауап­кер­шілігіне байланысты Жоба­лық кең­се­нің кадрлық құрамын Мемлекеттік комиссия жұмысының бүкіл кезеңінде олардың жалақылары мен барлық әлеу­мет­тік төлемдерін сақтай отырып, мүд­делі мемлекеттік органдардың қыз­м­еткерлерімен, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының өкіл­де­рімен жаңарту және күшейту жұ­мыстары жүргізілді.

2022 жылғы 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Жобалық кең­седе жаңа құраммен жиналыс өткі­зіліп, онда Мем­­лекеттік комис­сия­ның Жобалық кеңсесінің жетекшісі С.А.Қасымов баян­­дама жасады. Жиналысқа Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлім басшысының орын­ба­­сары В.В.Порубаймех, Ш.Уәли­ха­нов атындағы Тарих және эт­но­ло­гия институтының директоры З.Е.Қабыл­динов және Жобалық кеңсенің жаңа құ­ра­мы қатысты. Жобалық кеңсенің жаңа құрамы өздерінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес жұмысқа кірісті.