Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

Жаңа мұнай шоғыры табылды

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақ­ты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. Осының нәтижесінде шыға­рылатын мұнай қоры­ның өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды.

Жаңа мұнай шоғыры табылды

Көмірсутек қорының өсімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ эконо­ми­калық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді.

2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «Ақтау қаласындағы ҚМГ Ин­жиниринг» филиалының гео­логтер тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тег­жей­лі бағдарламасына бастамашы болды. Осы бағдарлама шең­бе­рінде 2017-2021 жылдары ішін­де жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шар­шы шақырым) жүргізілді, бар­лық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды (7 500-ден астам), геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нә­ти­жесінде кен орнының құ­ры­­­лымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқа­рылған жұмыстардың қо­ры­тындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ға ұл­ғай­ды, бұл өз кезегінде шыға­ры­латын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр.

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөнін­де­гі мемлекеттік комиссиясы көмір­су­тектің нақтыланған көле­мін 2021 жылдың соңында балансына қабылдады.

Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жос­парлау мақсатында кен орын­ды игеру жобасына түзету ен­гізілу­де.

Айта кетелік, «Өзенмұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес компаниясы. 2020 жылы кәсіпорынға Қазақ­стан­дағы мұнай және газ конденсатын өндіру құрылымында 6%-ы тиесілі болды. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай және газ конденсатын өндіреді.

Өзен кен орны – Қазақстан Рес­публикасында ғана емес, со­ны­мен қатар әлем бойынша біре­гей бастапқы геологиялық қоры бар ең ірі кен орындарының бірі. Бұл құрылымы күрделі көп­қа­бат­ты кен орны, оның мұнай мен газ шоғырлары юра-бор шө­гін­ділерінің терригендік бөлі­ні­сінде орналасқан.