Спорт • 02 Ақпан, 2022

«Валенсия вуэльтасына» қатысады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап атауы Astana Qazaqstan Team болып өзгерген қазақ­стандық велоклуб 2022 жылғы алғаш­қы жарысын Испания тас жолда­рындағы дәстүрлі «Валенсия вуэльтасынан» бастайтын болды.

«Валенсия вуэльтасына» қатысады

1929 жылы тұсауы кесілген халықаралық жарыс биыл 73-ші мәрте өткелі отыр. Алғашында бұл жарыс Vuelta al Levante деген атаумен өткізілсе, 1984 жылдан бастап қазіргі атымен ұйымдастырылып келеді. Бұл додада қазақстандық спортшылар бір мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 1999 жылы франциялық Ag2r Prévoyance командасында өнер көрсеткен, қазіргі таңда Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері Александр Винокуров топ жарды. Ал 2019 жылы қазақстандық «Астана» клубының испаниялық өкілі Ион Исагирре жеңіске жеткен болатын. 2018 жылы «Ас­тананың» екі өкілі Луис Леон Санчес пен Якоб Фульсанг бірінші және екінші орынды бөліссе, «Астана» ең үздік команда атанған-ды.

Astana Qazaqstan Team сапынан биылғы жарыста Мануэле Боаро (Италия), Давид Де Ла Крус (Испания), Фабио Феллине (Ита­лия), Антонио Нибали (Италия), Винченцо Нибали (Италия), Александр Рябушенко (Беларусь) және Андрей Зейц (Қазақстан) үздіктер қатарынан көрінуді көздейді.